«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оңдасын Оразалин: Су тасқынына қарсы комиссиялар тиімді жұмыс істеулері керек

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқар Төлешов соңғы үш жылда 70,5 шақырым тасу қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағасын бекіту және тазарту, 18,5 шақырым күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 4,1 шақырым уақытша қорғаныс тасбөгеті салынғанын мәлімдеді. Су тасу қаупі бар жерлердің төлқұжатын түзету кезінде суға кетуі мүмкін аймаққа жататын12 мың тұрғыны бар 33 елді мекен анықталды. Кешенді жоспар мен Жол картасын жүзеге асыру аясында су тасқыны кезеңі кезінде он елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданған.

20 қаңтардан бастап Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометпен» бірлесіп, қардың орташа қалыңдығы 16,8 см болатын Елек және Қарғала өзендерінің бассейндерін тексеріп жатыр.

Бүгінде Ақтөбе су қоймасының бос қоры — 184 млн м3, Қарғалы — 242,9 млн м3, Сазды — 6,8 млн м3 құрайды. Ақтөбе қаласы аумағы мен облыстағы елді мекендерден қыс басталғалы 75 мың тонна қар шығарылды. Су тасқыны кезеңінде жұмыс істеу үшін 73,3 тонна жанар-жағар май қоры, 7,5 мың тонна инерттік материал, 24 мыңнан аса ыдыс-қап қоры жасалып, 422 бірлік техника, жалпы сиымдылығы 13 мың адамнан асатын 79 уақытша орналастыру орындары дайындалған.

Сондай-ақ, баяндамашы «Су тасқынының алдын алу және салдарын жою шараларының 2017-2020 жылдарға арналған кешені» Жол картасының жүзеге асырылуы жайында да хабарлады.

ТЖД, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, «Қазгидромет» филиалы мен т.б. басшыларын тыңдаған өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

«Су тасқынына қарсы комиссиялар тиімді жұмыс істеулері керек, аудандар мен Ақтөбеде осы іске жұмылдырылатын барлық қызметтердің дайындығын үнемі тексеріп отыру қажет. Биыл қар аз түсті деп арқаны кеңге салуға болмайды. Бәрі қардың қалай еруіне байланысты»,- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Отырыс кезінде сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің өртке қарсы жағдайына қатысты сұрақтар да қаралды.

Былтыр өңірдің тұрғын үй секторында 502 өрт тіркелсе, оның 63-і көпқабатты тұрғын үйлерде орын алған, осы жылдың қаңтар айында 15 өрт оқиғасы болды. Өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында 2017 жылдан бастап өңірде 93 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 23 өрт сөндіру қосыны құрылса, тағы сегізі биыл Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз, Алға, Байғанин және Ойыл аудандарының шалғайда жатқан елді мекендерінен ашылды.

Тағы бір өзекті проблема — өрт сөндіру қосындарын арнайы техникамен қамтамасыз ету: қазіргі таңда 23 қосынның алтауында ғана машина бар, тағы 21 автокөлік сатып алу қажет.

Оңдасын Оразалин көпқабатты үйлердің сыртын қаптайтын алюкобндты алмастыруды, тұрғын үй нысандарындағы өртке қарсы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Когда начнется отопительный сезон в Актюбинской области

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Теплица мала, но на отдачу щедра

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.