«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Қазір кінәлілерді іздейтін уақыт емес» — Аймағамбетов ата-аналарға

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз қашықтан оқуға көшкенде мектеп, ата-ана және мұғалімдердің өзара тығыз байланысқа шығып жатқанын байқадық. Ата-аналар білім беру процесінің қалай жүретінін көрді. Біздің білім беру бағдарламамызды көрді, көбі ол бағдарламаның қиын екенін айтты. Ал кейбіреулер оқулықтардың сапасына қатысты сұрақтар қойып жатты.

Меніңше, қашықтан оқудың артықшылығы көп. Позитив болу керек, біз өз еркімізбен осындай жүйеге көшкен жоқпыз ғой. Мәжбүр болдық. Солай болғандықтан мұның да артықшылығы бар екенін түсіну керек.

Менің ойымша, қазір кінәлілерді іздейтін уақыт емес, проблема, кемшіліктерді іздейтін кез емес, керісінше, барлығымыз бірігіп, ортақ мақсат қойып, қоғам алдында тұрған проблемаларды шешуіміз керек», — деді министр Tengrinews.kz тілшісімен өткен тікелей эфирде.

Сондай-ақ, министр қазақстандық мұғалімдерге алғыс білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Ashyq жүйесінің қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілмек

admin_mugalzhar

Халық күткен жолдар жаңаруда: Асхат Шахаров Қандыағаштан — Шалқарға қарай салынып жатқан жол құрылысын бағамдады

admin_mugalzhar

Қазақстанда зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары 4 млн теңгеге дейін сыйақы алатын болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.