Жаңаөзенде балалар ауруханасында екі қызметкер 37 миллион теңгеден аса ақша жымқырған, — деп хабарлайды «Лада».
Маңғыстау облысының прокуратура өкілдерінің айтуынша, аурухана қызметкерлері интернет-банкинг арқылы негізсіз аударымдар жасап, кейін бюджет қаражатын жеке шоттарына аударған.
Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне алынды.
«Бүгінде мемлекетке келтірілген шығын толықтай өтелді», — деді прокуратурадағылар.