«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дархан ӨКСІКБАЕВ: ҚҰРБАНДЫҚ САУАБЫ ҚАШЫҚТЫҚҚА ҚАРАМАЙДЫ

Биыл барша мұсылман қауымына ортақ мереке Құрбан айт мерекесі 31-ші шілде мен 1-2-ші тамызға белгіленді. Бұл күні мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі — құрбандық шалады. Құрбандық шалған соң бір-бірінің үйін аралап, дәм ауыз тиеді. Бұл уақытта әрбір шаңырақта мерекелік дастархан жайылып, жаңа әрі таза киімдерін киіп, бірбіріне жақсы тілектерін айтады. Алайда, әлемді әбігерге салған індетке байланысты жылдағы бұл үрдіске біршама өзгерістер енгізіліп, биылғы құрбандық өзгеше тойланбақ. Ауруды одан әрі таратпау үшін, мешіттер карантинге уақытша жабылды, жамағат жиналуға рұқсат жоқ. Халықаралық ережелерге сүйене отырып діни басқарма қашықтан құрбандық шалудың жаңа нұсқасын бекітті. Қашықтықтан құрбандық шалу мен оның сауабы турасында Қадырәлі ата мешітінің бас имамы ӨКСІКБАЕВ Дархан Сәрсенбайұлымен сұқбаттасқан болатынбыз.

— 22 шілдеден бастап мұсылман қауымы үшін қасиетті болып саналатын Зұлхижжа айы басталды. Яғни, Құрбан айт мерекесі келді. Құрбан айт мерекесінің қадірі мен қасиеті туралы айтып өтсеңіз?

— Бисмил-лә һир-рахмәнир-рахим. Әл-хәмдү лил-лә һи раббилаләмин. Құрбан айттың қадірқасиеті туралы айтатын болсақ, Құрбан айт — Мұхаммед пайғамбардың, оның алдындағы пайғамбарлардың шариғатында болған, оның ішінде Ибрахим пайғамбардан бастау алатын үлкен ұлық амал. Бұл жайында пайғамбарымыздың хадистері мен сөздері өте көп. Оған дәлел келтіретін болсақ, бірде пайғамбарымыздан сахабалары сұрапты. «Е, Алланың елшісі Құрбандық деген не?» деп, Пайғамбарымыз айтыпты: «Құрбандық деген сендердің аталарың Ибрахим пайғамбардан қалған сүннет амал», депті. Сонда сахабалар «біз құрбандық шалсақ, бізге Алланың тарапынан қандай сауап беріледі» деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз «сендерге құрбандыққа шалынған малдың үстіндегі әрбір тал қылшығы үшін сауап бар» деп жауап беріпті. Сонда пайғамбарымыз құрбандықта үлкен сауаптың бар екенін осылай жеткізген екен. Құрбан айт күндері әр мұсылман өздерінің мейірімділігін, жомарттығын көрсетуі тиіс. Ағайын-тумаларды мерекемен құттықтап, мұқтаждарға көмек көрсетіп, жақсы амалдар жасауға тырысу керек.

-Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qurban2020.muftyat.kz сайтын іске қосуды тапсырды. Бұл қалай жүзеге асады. Аудан тұрғындарына түсіндіріп, айтып өтсеңіз?

— Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанынан құрылған Qurban2020.muftyat.kz сайтыіске қосылды. Бұл сайт пандемия кезінде барлық Қазақстан тұрғындары үшін қолайлы сайт болып отыр. Себебі, біздер қалаған жерімізде құрбандықты шала алмаймыз. Әрбір құрбан шалушы осы сайтқа тіркеліп, ақшасын аударып, өкілдігін бере алады. Аталған сайт арқылы ешқайдабармайқұрбандықшалуға онлайн тапсырыс береді. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріліп отырады. Ал «Зекет» қоры сайтты техникалық жағынан бақылайды. Ақшасын аударып, қашықтан құрбандық шалған адам, шалған құрбандығының еті жеткізілмей қалатынынакүмәнданып, уайымдамауы керек. Ет міндетті түрде жеткізіледі. Сіздің ниетіңіз құран шалу керек болды, сіз құрбаныңызды бердіңіз, оның сауабын аласыз. Құрбандыққа шалынған малдың етін алғысы келген мұқтаж жандар жоғарыда көрсетілген сайтқа кіріп, тіркеліп, өздері туралы мәлімет тастап, тапсырыс берулеріне болады. Оларғақұрбандықетіміндетті түрде жеткізіледі.

— Пандемияға байланысты сайт арқылы ешқайда бармай, құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беруге болатынын білдік. Қашықтықтан құрбандық шалудың сауабы қандай болмақ?

— Ханафи масхабында ниетіңіз түзу болса, құрбандыққа шалынатын малды өзіңіз бауыздамасаңыз да, өзге адамға өкілдік ретінде берсеңіз де, сауабын өзіңіз толықтай аласыз. Құрбандық шалған адамның ең бастысы — ниеті дұрыс болуы керек. Індет жайлаған мынадай кезеңде барлық адамның денсаулығы өте маңызды. Індеттің алдын алу үшін, денсаулығымызды сақтау мақсатында адамдар көп жиналатын жерлерден өзімізді алшақ ұстағанымыз абзал. Қашықтықтан құрбандық шалуға келетін болсақ, құрбандық сауабын, онлайн тапсырыс берген әр мұсылман толығымен алады.

— Бұрындары мешіттерде Айт намазы оқылғаннан кейін барып, Құрбандық шалу басталатын. Биылғы карантинге байланысты мешіттер жабық, Айт намазы оқылмайды. Бұл жағдайда құрбандық шалушыларларға не айтасыз?

— Иә, жылдағы үрдіс бойынша құрбандық шалуды Айт намазынан кейін бастайтынбыз. Бүгінде пандемияға байланысты Айт намазы оқылмауына байланысты, күн арқан бойы көтерілгеннен кейін, яғни 40-45 минут өткеннен соң шариғатқа сай құрбандықты шала беруге болады.

— Құрбандыққа мал соймай, орнына малдың құнын ақшалай садақа ретінде мұқтаждарға таратуға бола ма?

— Ислам дінімізде пайғамбарымыздыңмынадайхадисібар. «Адам баласы айт күндері құрбандық шалып, қан ағызудан басқа амалмен Аллаға жақындаған емес. Қан ағызылған мал жүндерімен, тұяқтарымен, мүйіздерімен жақтайды. Ағызылған қанжерге тамбай тұрып, Алланың құзырында үлкенмахамға жетеді. Сондықтан құрбандықтарыңды көңіл ризашықтарыңмен шалыңдар». Яғни, Құрбан айт кезінде қан шығарудан абзал нәрсе жоқ. Бұлрәсімнің шартықұрбандық шалып, қан ағызу арқылы жасалады. Оның еті таратылуы керек. Құрбандыққа шалынған малдың әрбір тамшы қанымен құрбандық шалушының күнәсі кешіріледі. Және, оның үстінде қанша қыл тал жүн болса, сондай сауап жазылады. Ал, мұқтаждарға көмек ретінде берілетін садақаны басқа уақытта ниеттеніп берулеріне болады.

— Құрбан малдың етін кімге тарату керек? Мұсылман емес адамдарға беруге бола ма?

— Құрбан малының еті мұсылманға да, мұсылман емеске де халал бола береді. Құрбан малының еті үшке бөлінеді. Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша, бір бөлігі өзіне, екінші бөлігі ағайынтума, көршілеріне, үшінші бөлігі жоқ-жітек адамдарға таратылады. Әрбір жақсылық, әрбір садақа барлық адамдарға жасала береді. Ол дінге, ұлтқа, ұлысқа бөлінбейді.

— Бұл күндері не істеуге болмайды?

Құрбан айт ұлық мейрам болғаннан кейін, бұл күндері мұсылман баласына жалпы күнә жасауға болмайды. Үлкен күнә былай тұрсын, кіші күнәнің өзінен тартыну керек. Мейрам күні әрбір мұсылман мейлінше жаман сөз, өткірік айтудан тартынып, жалқаулықтан сақ болып, жомарттық танытып, жақсылықты жалғастыру керек.

— Құрбан айт мерекесі күні аудан тұрғындарына қандай тілек айтар едіңіз?

— Құрметті Мұғалжар ауданының тұрғындары! Келе жатқан Құрбан айт мерекесі баршамызға құтты болсын. Алла Тағала айт күндері шалатын құрбандықтарымызды, ниеттерімізді, дұғатілектерімізді, арман-мақсаттарымызды қабыл етіп, баршамызды елімізді болып жатқан мына індеттен аулақ етсін деп тілеймін.

Қасиетті құрбан айтмерекесінде құрбанға төмендегідеймал түрлерін шалуға болады: — жеті айдан кіші емес еркекнемесеұрғашықой, екі жасқа толған сиыр, бір жасқа толған ешкі, бесжылдан асқан түйе. Құрбандыққа ауру, көтерем немесе өте жас малды шалуға болмайды. Қой да, ешкі де өте мықты әрі жеткілікті семіз болуы керек. Бір жері кем, құйрығы кесілген, соқыр, немесе жарты құлағы жоқ малдарды да құрбандыққа шалмайды.

Ұқсас ақпараттар

ТОҒЫЗ КЕЛІН ТҮСІРГЕН МӘРИЯ ӘЖЕ

admin_mugalzhar

ГОРЖУСЬ СВОЕЙ ПРОФЕССИЕЙ

admin_mugalzhar

БОЙЫНА ЖИҒАН ӨНЕРДІ АЙГҮЛДІ БӘРІ БІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.