«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АБАЙЛАҢЫЗ, ПОЙЫЗ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Қандыағаш ст.ЖПБ-нің барлық қызмет атқару аймағында ағымдағы жылдың 22-24 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз, пойыз!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларынсыз жүруін анықтау, соңдай-ақ балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу болып табылады. Аталған бағытта Қандыағаш ст.ЖПБ-нің қызметкерлері темір жол мекемелерінің өкілдерімен бірлесе отырып, жалпы білім беру орталықтарының оқушыларымен профилактикалық сұхбаттар өткізілуде. Профилактикалық сұхбат жүргізу барысында темір жол объектілерінде қауіпсіздік шараларын сақтау мен қырағылықты көтеру және сұхбаттың қорытындысында барлық оқушыларды теріс қылық іс-әрекеттерді жасамауға шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

200-ден астам мұғалжарлық баспаналы болады

admin_mugalzhar

Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда 42 500 теңге өсуі мүмкін

admin_mugalzhar

Балаларға арналған инклюзив білімнің артықшылығы неде?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.