«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ІІМ басшысы карантин ережелерін ең көп бұзған өңірлерді атады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда карантин ережелерін бұзу саны бойынша көш бастап тұрған облыстарды атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«28 мыңнан астам карантин ережелерін бұзу жағдайлары анықталды. Оның ішінде 4 600-ден астамы сауда орталықтары, дүкендер, базарлар, 1 700-і-мейрамханалар, кафелер және басқа да демалыс орындары. Олардың ең көп саны Қостанай облысына — 5 мыңнан аса, Батыс Қазақстан облысына — 2,5 мыңнан аса, Түркістан облысына — 3 мыңнан аса, Шығыс Қазақстан облысына — 2 мыңнан аса, сондай-ақ Алматыға — 3 800 тиесілі», — деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

ІІМ басшысы барлық анықталған жағдай бойынша денсаулық сақтау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылатынын айтты.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЛА КҮНІНЕ ТАРТУЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда мұғалімдер кәсіби мерекесінің датасы өзгерді

admin_mugalzhar

18 мыңнан астам мұғалім тегін курстан өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.