Бүгінгі таңда жастар – қоғамның ең белсенді, жасампаз әрі прогрессивті бөлігі. Олар тек елдің болашағы ғана емес, қазіргі күннің де маңызды қозғаушы күші. Ел ішіндегі тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен қоғамдық татулық – тікелей жастардың өмірлік ұстанымы мен азаматтық жауапкершілігіне байланысты.
Жастар – әртүрлі мәдениеттер мен дін өкілдерінің арасындағы көпір. Олар білім мен технология арқылы әлемдік өркениетке қадам басып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше рөл атқарады. Тілге, дінге, ұлтқа бөлінбей, бірлік пен бейбітшілікті сақтау – жастардың басты миссияларының бірі.
Бүгінде елімізде жастарға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар, жобалар жүзеге асырылуда. Олар білім алуға, кәсіп бастауға, қоғамдық өмірге араласуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл – жастардың қоғамдағы рөлін арттырудың нақты көрінісі.
Татулық пен келісім – елдің дамуының негізі. Ал бұл құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – жастардың міндеті. Өзара құрмет пен сенім, бір-бірін тыңдай білу – міне, осы қасиеттер жастар арасындағы татулықты нығайтады.
Қорытындылай келе, жастар – ел бірлігінің берік тірегі. Олар татулық пен келісім идеяларын тек сөзбен емес, іспен дәлелдеуі тиіс. Себебі татулық бар жерде – тұрақтылық, тұрақтылық бар жерде – даму мен өркендеу бар.
Дайкова Тамара, «Ассамблея жастары» Ақтөбе облысы бойынша республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі