«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде 11 млн 730 мың азамат тұрғылықты жерінде тіркелген

Елімізде 18 жасқа толған 11 млн 730 мыңнан астам азамат тұрғылықты жерінде тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты сайлау учаскесіне азаматты сайлаушылар тізіліміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып саналады. «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 51-бабында ішкі көшіп-қонушылардың тұрақты және уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелу міндеті көзделген. Осы міндетті сақтамағаны үшін әкімшілік кодекстің 492-бабында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2011 жылғы №1427 қаулысымен реттелген. Қағидаларға сәйкес, ҚР азаматтары жаңа тұрғылықты жеріне немесе уақытша тұруға келген күнінен бастап күнтізбелік 10 күнде тіркеледі. Бүгінде халықты тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі толығымен автоматтандырылған және электрондық-цифрлық қолтаңбасы болған кезде электронды үкімет порталы немесе мобильді үкімет қосымшасы арқылы, сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген кезде рәсімделеді. Тіркеу 3-5 минуттан аспайтын уақытты алады», — деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында. Оның атап өтуінше, тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркеу кезінде жаңа мекен жай туралы мәліметтер дереу ІІМ-нің ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ол жерде онлайн режимде Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына енгізіледі. Соның негізінде жергілікті атқарушы органдар мен ОСК сайлаушылардың тізілімін жасайды. «ІІМ мәліметтері бойынша осы жылдың 26 қазанындағы жағдайға сәйкес, елімізде 18 жасқа толған 11 733 944 азамат тіркелген. Оның ішінде 11 099 923 тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген. 15 324 адам тек уақытша тіркеуге алынған. 618 мыңнан астам адам тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған. Қазір министрлік Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, сайлаушылар тізімін өзектендіру бойынша өзара іс-қимыл алгаритмдерін пысықтауда. Соған сәйкес, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға дайындық бойынша жұмыс жалғасады», — деді Марат Қожаев.


Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі

admin_mugalzhar

УЧИТЕЛЯ ПОКОРИЛИ ЖЮРИ И ЗРИТЕЛЕЙ

admin_mugalzhar

«Жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.