«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ: ЖҰМЫССЫЗДАР ЖҰМЫС ТАПТЫ

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы жанынан құрылған Мобильді қабылдау пункті Қандыағаш қаласы Теміржол вокзалы аймағында орналасқан «Анаға тағзым» демалыс саябағында тұрғындарды қабылдады.

Әр апта сайын тұрақты өтіп тұратын мобильді қабылдау барысында орталық мамандары А.Мұхтарова мен Д.Қосов тұрғындар арасында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардағы бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтудың өзге де белсенді шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қабылдау нәтижесінде жұмыссыз жүрген 1 тұрғынға «Базальт-А» ЖШС-не тұрақты жұмысқа, 2 адамға Қандыағаш қаласы «Газовиков» көшесінде «Жол картасы» аясында жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан «ГОАР» ЖШС-не жолдама берілді. Сондай-ақ 8 жұмыссыз тұрғынжұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеуге алынды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

20 күнде 27 мың көлік тіркелді

admin_mugalzhar

Қазақстанда аяз болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.