«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Кеше оқу бітіріп, бүгінде ұстаздық қызметіне кіріскен жас мамандар білім беру үрдісінде белсенділік көрсетіп келеді. Сондай белсенді жастардың ортасы Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Отыз жылдық ауылының жас мамандарымен толықты.

Ұстаздық шеберлігін шыңдап, қазіргі заман талаптарына сай жаңа бағдарламалар мен сабақтарға қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында жас мамандар өз жұмысын жетілдіріп келеді. Осыған орай, 11 қаңтар мен 12 наурыз аралығында Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округіне қарасты ҚазССР 30 жылдығы атындағы негізгі орта мектебінде «Ізден, талпын, жас маман» атты апталықтар кешені өткізілді. Аталған білім ордасында жыл басынан бекітілген 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 9 жас маман қызмет етеді. Бірлестік жетекшісі Бағдагүл Нұрмағанбетова жастардың өте қабілетті, еңбекқор екенін алға тартады. Өткізілген апталықтың мақсаты — жас мұғалімдердің теориялық білім деңгейін практикада қолдану аясын саралау және ерекшеліктеріне назар аудару арқылы мұғалім беделінің жоғарылауына жол ашу. Көрме ретінде қойылған «Менің шығармашылық қоржыным» атты жас мамандардың жинақтаған әдістемелік жұмыстары жоғары бағаланды. Апталық барысында жас мамандар 1 апталық жоспарларын жасап, сол бойынша іс-шаралар, әртүрлі интеллектуалдық ойындар, ашық сабақтар, коучингтер өткізді. Бұл апталықтың ерекшелігі мен бағыты аталмағандықтан, әр жас маман сан бағытта жұмыстанды. Апталық барысында әділ қазылар мүшесі тағайындалып, жас мамандардың жұмысына бағаберіп, үздіктерді анықтап, арнайы марапатталды.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

140 миллион теңге: грант кімге бұйырады?

admin_mugalzhar

Облыстың 1830 медицина қызметкері үстемеақы алады

admin_mugalzhar

Жол құрылысы: 40 миллиард теңгенің 40 пайызы игерілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.