«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕЛІК ОНКҮНДІК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мерекесінің тойлану мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын. Осыған орай 10 негізгі тармақты жүйелі жоспармен 56 тармақшадан тұратын онкүндіктің аясындаТалдысай ауылдық мәдениет үйі өз шараларын бастап кетті.

Аудандағы мерекелік онкүндігі негізінде Талдысай ауылдық мәдениет үйі жоспарлы шараларын бастап кетті. Бірлігі жарасқан ауыл тұрғындары мерекелік онкүндігінде өте белсенділіктерін көрсетті.

— Ауылдың бірлігі қоғамдық жұмысқа жұмыла қатысқанынан көрінеді. Бұл жағынан талдысайлықтар әрқашан белсенді десем де болады. 14 наурызда «Көрісу» мерекесін тойладық. Бір-бірімізді құттықтап, ақжарма тілектерімізді жолдап, үлкендерімізден бата алып шықтық. Ұлттық салтдәстүр мен құндылықтарды насихаттау мақсатында өскелең ұрпақ пен аға буынды араластыра отырып түрлі жоспарлар құрдық. Мәселен, 15 наурыз «таза ауыл» акциясы негізінде ауылды қардан тазалау, тайғақ жерлерді ою тәрізді жұмыстар жүргізілді, — дейді Талдысай ауылдық мәдениет үйі МКҚК директоры Гүлмира Қалиева.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде Абайға және Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылады

admin_mugalzhar

МАМАНДЫҒЫ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН ЖАН

admin_mugalzhar

Қазақстан халқы саны өсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.