Көрісу күні халық қыстанаман-есен шыққанына, көктемге аяқбасып, туыс-туған, көрші-көлеммен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-бірінедеген араздығын, өкпе-ренішін ұмытып, амандық тілейді. Аудан аумағында осындай салт-дәстүрді сақтап, ата-бабааманаты менұлттықерекшелігімізді бүгінгі күнге жеткізіп жүрген отбасылар жетерлік. Солардың бірі — Батпақкөл ауылдық округінің орталығы Жағабұлақ ауылында тұратын Төретовтер отбасы.
Бұл отбасы Наурыз тойын тойлауды наурыздың 14 жұлдызында бастап кетеді. Ұлттықмерекені қуанышпен қарсы алатын Төретовтер отбасының мүшелері таңмен таласа оянып, қазан көтеріп, сақтаған соғымның сүресіне 7 түрлі дәм қосып, «Наурыз көже» дайындайды. «Көрісу» мерекесін асыға күткен шаңырақ иелерінің дастарқаны қазақтың құрт, бауырсақ, ірімшік, сарымай, уыз сынды дәстүрлі тағамдарымен толтырылып, табақ-табақ ет асылады. Олар табалдырығынан аттағанәр қонағын жылы жүзбен қарсы алады. Қонақтарына ерекше ілтипат көрсетіп, төріне шығарып, ас ұсынады. Бір-біріне деген өкпе-реніштері болса, кешіріседі, бір-біріне тілекші болысып, өлі әруақтың құрметіне құран бағыштайды. Үйіне көрісе кірген балақайға да дастарқанынан ауыз тигізіп, Наурыз көже беріп, бауырсақ, тәттілер үлестіреді.
— Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. «Наурыз» сөзінің өзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді емес пе! Жаңа күннен жақсылық тілеп, ырыс несібе күтеміз. Бірнеше жылдан бері отбасымыздың сақталып келе жатқан үрдісі бойынша соғымнан сақтап қойған майлы жұмсақтарымызды қазанға салып, «шеке» асып, ақбидаймен «ақ мол болсын» деген ниетпен ағарған және мейіз қосып, жеті түрлі дәмнен Наурыз көже дайындаймын. Қонақ шақырамын. Бұл — біздің әулетіміздің жазылмаған заңдылығы. Осы отбасыға келін болып түскен кезімде енем марқұм наурыз көже пісіруді үйреткен болатын. Жолдасым Алмастың өзімен бірге туған бауырларының жұбайлары яғни менің абысындарымның да маған үйреткендері көп болды. Бүгінде сол адамдардың үйреткен тәсілінен айнымай көже пісіріп келемін. Балаларыма да үнемі көрісу күнінің мейірімділікке, ізгілікке, бауырмалдыққа тәрбиелейтінін айтып, білгеніммен бөлісіп отырамын. Келіндерімнің де біздің ізгі істерімізді жалғастыратынына сенемін, — дейді Эльмира Төретова. Үлкен шаңыраққа 19 жасында келін болып түскенЭльмира апайдың жұбайы Алмаспен шаңырақ көтергеніне биыл 35 жыл толды. Екі ұл мен бір қыз тәрбиеліп өсірген отбасында бүгінде 6 немере алаңсыз ойнап жүр. Бір шаңырақ астында екі келін ұстаған Эльмира апа қарашаңырақтың тірлігін дөңгелетіп кетуі енесінің ақыл-кеңесінің, тәлім-тәрбиесінің арқасы екенін айтады. Бүгінде үлкен үйдің отанасына айналған Эльмира апаның келіндері де әдептен озбай, ата-ененің атын атамау, үлкенге құрмет көрсету, басына орамал тартып жүру, сәлем салу секілді салт-дәстүрді берік ұстайды. Қаймағы бұзылмаған қазақилығы қанық бұл отбасының бүгінгі тірлігі ауылдастарына үлгі.
Н.ТІЛЕП