«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҒАБҰЛАҚТЫҢ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

БИЫЛ БАТПАҚКӨЛ ОКРУГІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН 5 КӨШЕНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДА ҮШЕУІНДЕ ЖҰМЫС БАСТАЛЫП КЕТТІ. АУЫЛДЫҢ ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ТАБА АЛМАЙ ЖҮРГЕН ЖҰМЫССЫЗ ТҰРҒЫНДАРЫНА УАҚЫТША БОЛСА ДА ЖҰМЫС ТАБЫЛДЫ.

Батпақкөл ауылдық округінің орталығы Жағабұлақ ауылының бүгінде «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында бірнеше көшелері орташа жөндеуден өтіп жатыр. Атап айтсақ, «Ntiger» ЖШС-і ұзындығы 1,44 шақырым болатын Н.Қаржаубаев көшесін және ұзындығы 0,8 шақырымды алып жатқан Мектеп көшелерін жөндеуді өз міндетіне алған. Ал ұзындығы 0,58 шақырым болатын Жастар көшесін жөндеуді «Сақ групп» ЖШС-і жүргізеді. Қазіргі таңда техникалар жұмылдырылып, қиыршық тас төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Батпақкөл ауылдық округінде бұдан өзге де бірнеше жобалар жүзеге аспақ. Мәселен, округке қарасты Қожасай ауылына ауыз су кіргізу, Қожасай және Саға ауылдарына спорт алаңдарын салу, Жағабұлақ ауылына спорт кешенін, көшелерді асфальттау, округке қарасты ауылдардың (Жағабұлақ, Саға, Қожасай) көшелерін жарықтандыру сынды көптеген жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Соңғы екі тәулікте Ақтөбеде коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

admin_mugalzhar

ҚАЛА ІШІНДЕГІ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстанда келесі айдан бастап мүгедек адамдар жаңа жәрдемақы алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.