«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТ ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙТЫН БЕРЕКЕТ

Жұрын ауылында тұратын Берекет Иржан бала күнінен ат құлағында ойнап өскен. «Қазақ баласының кез келгеніатжалынтартып мініп, жылқының тілін түсіне білуі қажет» деп санайды болашақта жылқы шаруашылығын дамытуды армандайтын 14 жастағы кейіпкеріміз.

— Мен кішкентай кезімнен жылқыға жақын болып өстім. Күндізтүні тайыма мініп алып ауылды аралап шауып, ауыл ішіндегі балалармен көкпар ойнағанды жақсы көретінмін. Қазір де ол әдетімнен  жерігем жоқ. Жылқы малы қашан да ата-бабамыз үшін орны ерекше жануар. Мен де сабақтан, шаруадан бос уақытымның бәрін атымды жуындырып, күтіп-баптап, ауыл арасында серуендеуге арнаймын, — дейді өзі. Болашақта актер болып, тарихи киноларға арғымақ атпен түсуді армандап жүрген кейіпкеріміз жылқы шаруашылығын да қолға алатынын айтты. -«Армандар орындалады» деген сөз бар. Мен де арманымның қай-қайсысын да сәйгүлік атпен байланыстырамынжәне сол арманымның орындаларына кәміл сенемін, — дейді Берекет.

Ә.ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

ЖУРНАЛИСТ БОЛУДЫ АРМАНДАЙТЫН НАЗЕРКЕ

admin_mugalzhar

Армангүл ҚЫНАЕВА, Батпақкөл ауылдық округі: ДОСТЫҒЫМЫЗ МАХАББАТҚА ҰЛАСТЫ

admin_mugalzhar

АЗАМАТ ШУНИМОВ: ЕЛІМІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ТӨРТІНШІ ОРЫНДА

admin_mugalzhar