«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

10 маусымнан бастап өзін-өзі оқшаулау ережесін бұзған қазақстандықтар үлкен көлемде айыппұл төлейді

Карантин режимін сақтамаған коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға 87510 теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі науқастарды оқшаулау және КВИ-мен ауырғандармен байланыста болғандар үшін арнайы ереже бекітті. Бұл талаптарды орындамағандарға әкімшілік жаза қарастырылмақ. Ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді», – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады.

Карантинге жіберіліп, өзін-өзі оқшаулауға міндеттелген адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар коронавирус сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын бақылауға көмектеседі деп үміттенеді», – деп толықтырды комитет.

Ұқсас ақпараттар

Мұғалжар ауданы: құрылыс жұмыстары мен инвестиция тартуға көңіл бөлінуі тиіс

admin_mugalzhar

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

admin_mugalzhar

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.