«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде 600-дан астам нысанда «Ashyq» қосымшасы жұмыс істеп тұр

Ақтөбеде 620 нысан иесі «Ashyq» жобасына өтініш беріп, барлығы QR-код алды. Тек облыс орталығы ғана емес, аудандағы қызмет көрсету орындар да жобаға енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар қатарында фитнес және спорт клубтары, сауна, бассейн және СПА-салондар, театр, кинотеатр, бильярд, компьютер клубтары, лото-клубтар, балалар ойын — сауық орталығы, қоғамдық тамақтану объектісі және 208 ерікті қатысушы бар. Олардың арасына университет, кітапхана, кеңселер кіреді. Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасованың айтуынша, QR-код алған 610 нысанның 424 — і тестілік режимнен өтіп, облыс әкімдігінің сайтында жарияланған.

Соңғы 2 аптада келушілерді тіркемеген 27 нысан жобадан шығарылды. «Ashyq» жобасына қатысушылардың көбі Ақтөбе қаласында. Олар — 483. Мұғалжар ауданында қосымша бойынша 35 нысан, Хромтау ауданында 22, Ойыл ауданында 20, Темірде 15, Шалқарда 13, Қобдада 7, Алғада 6, Байғанин және Мәртөкте 5, Әйтеке би, Ырғыз және Қарғалы аудандарында 3 нысан жұмыс істейді. «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер кеңес алу үшін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына немесе оның аудандық филиалдарына жүгіне алады», — деп хабарлады ӨКП директоры Сұлупан Шынтасова.

inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар

МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНЫП ЖҮРСІЗ БЕ, ЖАС МАМАН?..

admin_mugalzhar

Вторая четверть пройдет дистанционно

admin_mugalzhar

Уже три региона Казахстана в «желтой зоне» по КВИ, один — в «красной»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.