«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токио 2020: Қазақстан медаль саны бойынша 82-орында

Бір жыл кешігіп өткен XXXII жазғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Ол 23 шілдеде басталған еді. Әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынады. Төртжылдықтың дүбірлі додасы биыл Жапония астанасы Токиода өтті. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Олимпиаданың жабылу салтанатын «Хабар» арнасынан көріңіздер.  Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан медаль саны бойынша 82-орыннан ғана көрінді. Биыл АҚШ құрамасы алдына жан салмады. Құрама штаттардан келген спортшылар ел қоржынына жалпы саны 113 медаль салды. Оның 39-ы алтын. 41-і күміс және 33-і қола. Екінші орында Қытай. Шығыстағы көрші елдің спортшылары жалпы саны 88 медаль иеленді. Оның 38-і алтын, 32-і күміс және 18-і қола. Жарыстың қожайыны Жапония болса, 57 медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр. 27 алтын алған. Ал, Қазақстан құрамасы осы жолы айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Дегенмен, жерлестеріміз 8 қола медаль еншіледі. Абыроймен елге оралғандар қатарында дзюдошы Елдос Сметов, зілтеміршілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло бар. Сондай-ақ былғары қолғап шеберлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев және қос каратеші Дархан Исадилов пен Софья Берульцева ел қоржынына қола жүлде салды.

Төрткүл дүние осы Токиоға телмірген еді. Солардың қатарында біз де болдық. Қазақстаннан 98 спортшы аттанған. Солардың арасында алтын алады деген атлеттер бар еді. Әсіресе, боскшыларға сенім арттық. Басқасы болмаса да солар бас жүлдені қанжығасына байлайды деп ойладық. Бірақ қателескен екенбіз. Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит, ізін ала Бекзат Нұрдәулетов жарыстан бірден шығып қалды. Шаршы алаңның шаңын қағады деген жігіттер ұтылып қалғанда сең соққандай күй кештік. Біз ғана емес-ау, басқа елдің мамандары да мұндайды күтпесе керек. Кейбірі тіпті сенсация десіп жатты. Басқасын алалау, бөліп-жару деген түсінік жоқ ғой. Бірақ сонда да фаворит саналған спортшылар сүрініп жатқанда, көңілдің құлазығаны анық. Одан кейін Дмитрий Балландиннен үміт күттік. Осыған дейінгі Олимпиадада мұқым жұртты қуантқан жігіт биыл да тұғырдан көрінетін шығар деп едік. Бірақ ол да болмады. Көңіл медеу болғаны – Елена Рыбакина. Үлкен теннис

1996 жылдан бері қазақ спортшылары жазғы Олимпиададан кем дегенде бір алтын медальсыз қайтпаған.

Атланта – 1996 – 11 медаль 3 алтын, 4 күміс, 4 қола Әлем бойынша 24-орын

Сидней – 2000 – 7 медаль 3 алтын, 4 күміс 22-орын ⠀

Афины – 2004 – 8 медаль 1 алтын, 4 күміс, 3 қола 40-орын ⠀

Бейжің – 2008 – 9 медаль 2 алтын, 3 күміс, 4 қола 29-орын ⠀

Лондон – 2012 – 11 медаль 3 алтын, 1 күміс, 7 қола 24-орын ⠀

Рио-де-Жанейро – 2016 – 18 медаль 3 алтын, 5 күміс, 10 қола 22-орын

Токио – 2020 – 8 медаль 8 қола

Осымен Қазақстан құрамасы үшін ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Құрама қоржынында 8 қола медаль бар. Олар: Дзюдо – Елдос Сметов Ауыр атлетика – Игорь Сон және Зульфия Чиншанло Бокс – Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов Еркін күрес – Нұрислам Санаев Каратэ – Дархан Асаділов Каратэ – Софья Берульцева Биылғы Олимпиаданың да өз қиындықтары болды. Мәселен, Жапония тұрғындары оның өткізілуіне қарсылық танытты. Олар бұл шараны тағы бір жылға шегеруді талап еткен. Себебі, жапондықтар коронавирустың таралуынан қауіптенген еді. Осы ойын кезінде спортшылар арасында да ковид жұқтырғандар анықталды. Оның үстіне тайфун да жапон жұртын әбігерге салды. Соның салдарынан ойын кестесіне өзгерістер де енгізілді.

Биылғы жарысқа 200-ден астам елден келген 20 мыңға жуық спортшы қатысып, бағын сынады. Бұл Олимпиаданың тағы ерекшелігі, биыл Олимпиада тізіміне бес спорт түрі қосылды. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.

Қазақстандықтар биылғы Олимпиада ойындарына 97 жолдама алды. Ең бірінші болып Олимпиада ойындарында академиялық ескек есумен айналысатын отандастарымыз өнер көрсетеді. Бұл жарыс шілденің 23-інде басталып, бір аптаға созылады. 24-інде велошабандоздар жарыс жолына шықты. Қашықтыққа жүзу, су добы мен бокс та дәл осы күні бастау алады. Ал 25-інде ескек есушілеріміз бағын сынаса, тамыздың бірінде бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты. Соңғы болып сайысқа байдарка мен каноэда ескек есу, велотрек және әртістік жүзу бойынша бәсекелер басталады.

Қазақстан бірінші рет Олимпиада бағдарламасына жаңадан енген спорт түрлері, атап айтқанда, спорттық құзға өрмелеу және каратэ бойынша қатысты. Каратэ бойынша бес спортшы бақ сынады, ерлерден Дархан Асаділов, Нұрқанат Әжіқанов, Данияр Юлдашев. Ал әйелдерден Мөлдір Жаңбырбай мен Софья Берульцева, барын салды. Дархан Асаділов, Софья Берульцева қола жүлдеге қол жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.