«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Пластик ыдыстар денсаулыққа зиян ба?

Ас үйде пластик заттан жасалған ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықты қолдануға болмайды. Себебі онық құрамында зиянды химиялық қоспа бар деп жазады Qadam.asia.

Ғалымдардың сөзінше, пластиктен жасалған қасық-қазан, ожау-шөміш ағзаға улы, зиян. Себебі ыдыс-аяқты пластиктен жасаған уақытта, өндірушілер оны ыстық ас мен суға майыспай, еріп кетпес үшін әрі майлы тағамды ұстап тұруы үшін оған олигомер сынды заттарды қосады.

Бұл полимерге ұқсас қоспа, дейді зерттеушілер. Бұл химиялық зат ыдысты ыстыққа төзімді еткенімен, өзі ыстық ас-су құйылғанда еріп, тамаққа қосылып кетуі мүмкін. Оның еруі үшін 70 градус ыстық жеткілікті. Мамандар олигомердің ағзаға зияндығы біршама зерттеуде дәлелденгенін сөз етті. In vitro технология арқылы тышқандарға зерттеу жүргізіп көрген ғалымдар аталмыш зат бауыр мен ұйқы безі, тоқ ішек қатерлі ісігін тудыруы мүмкін деген қорытындыға келіпті.

Сонымен қатар, адамның бала сүю мен ұрпақ қалдыру қабілетіне де зиянын тигізетін көрінеді.

Германияның Тәуекелді бағалау федеральды институтының ғалымдары олигомерден жасалған ыдыстарды тексеріп, ыстыққа төзімділігін байқап көрген. Зерттеуге пластиктен жасалған 33 ыдыс алған. Соның үштен бір бөлігі олигомерді күнделікті қалыпты нормадан көп бөлетінін анықтапты. Олардың пікірінше, мұндай ыдысты қолдануды тоқтатпаған адамның ағзасына олимер көп жиналып қалуы ықтимал.

Мұндай улы химиялық заттар түрлі аурудың себепшісі болуы мүмкін. Сол себепті шетел зерттеушілері пластик ыдысты тек суық не салқын асты құю үшін ғана пайдаланған жөн дегенді айтады. Ал 70 градустан ыстық тағамды не суды құю керек емес. Ал ең дұрысы ағаш не темірден, шыны мен болаттан жасалған ыдыс-аяқты алу.

Ұқсас ақпараттар

Қырғыз депутаты халықтан кешірім сұрап, мандатын тапсырды

admin_mugalzhar

Астанада адам терісінен жасалған кітап көрмеге қойылды

admin_mugalzhar

Түркістан облысында қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.