«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандық волейбол клубы Азия чемпионы атанды

Тайландтың Накхонратчасима қаласында әйелдер арасындағы волейболдан клубтық Азия чемпионатында қазақстандық Алтай клубы чемпион болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Федарацияға сілтеме жасап.

Тайландта 1 қазан күні әйелдер волейбол клубтары арасында Азия Чемпионаты басталған еді. Бұл турнирге Қазақстан атынан шығысқазақстандық «Алтай» және талдықорғандық «Жетісу» клубтары қатысты. Одан бөлек, біріншілікке бес команда қатысты. Олардың ішінде филлипиндік «ПВЛ» мен «Ребиско», ирандық «Сайпа», тайлық «Суприм Чонбури» мен турнир иелері «Нахон Ратчасима Qmin C» клубтары болды.

Бірінші ойын күні Қазақстанның қазіргі чемпионы «Алтай» волейбол клубы филлипиндік «Ребиско» командасымен ойнады. Ойын үш сетке созылды, нәтижесінде 3:0 ұпаймен шығысқазақстандық команда алға шықты. Екінші күні «Алтай» ойыншылары дәл сондай нәтижемен ирандық «Сайп» командасын ойсырата жеңді. Финалдық кезеңде қазақстандық Алтай волейбол клубы ақтық сында жарыс қожайындары Накхонратчасима волейбол клубын 3-0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Еңбектің берекелі жемісі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.