«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ МЕЙРАМБЕК ҚАРТБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Қартбай мен бапкері Ғизат Түсіпбаевты қабылдады.

Аудан басшысы дүбірлі додаларда Мұғалжар ауданының, Ақтөбе облысының, Халықаралық ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Мейрамбекті және бапкерін Азия чемпионатында алған жүлделерімен құттықтады.

Кездесу соңында аудан басшысы үздіктер сапынан көрініп жүрген Мейрамбек Қартбайға Алғыс хат табыстап, алдағы өтетін жарыстарына сәттілік тілеп, сый-құрмет көрсетті.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ДАУАСЫ — ЕКПЕ

admin_mugalzhar

МАЛ БАСЫНДА ӨСІМ БАР

admin_mugalzhar

Жақсы өнім алуға мүмкіндік бар

admin_mugalzhar