«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ СӘБИТ ДОСАНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Мұғалжарлықтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Сәбит Досановпен кездесті.
Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары және жастар өкілдері қатысты.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин жазушының шығармалары әлемнің бірқатар елдерінде таныстырылғанын атап өтіп, еліміздің руханиятына қосқан үлесіне ерекше тоқталды.
Іс-шара барысында аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қаламгердің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, жазушымен кездесуге келген мұғалжарлықтарға кең көлемде мәліметтер беріп өтті.
Белгілі қаламгер Сәбит Досанов кездесуге келген мұғалжарлықтарға алғысын білдіріп, Ақтөбе облысының ерекшелігі мен руханият әлеміндегі орнына тоқталды.

Кездесу барысында сөз алған Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мұқанбетулла Кемер мен аудандық мәслихаттың депутаты Ілияш Ниязова және Қандыағаш қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жетпісқали Ізбасаров жазушының шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, қаламгерге шығармашылық табыс тіледі.

Қаламгер Сәбит Айтмұханұлы 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Жиырмасыншы ғасыр», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптар жазған.
Сондай-ақ кездесуге Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Көпенов қатысты.

Ұқсас ақпараттар

Алда межелі міндет көп

admin_mugalzhar

ӘДЕП УӘКІЛІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

admin_mugalzhar

Алматыда бизнесмен 50 отбасына газды тегін қосып беруге уәде етті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.