«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«TALANTTAR ALEMI-2021»: ГРАН-ПРИ — МҰҒАЛЖАРДА!

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 2021 ЖЫЛДЫҢ 19-21 ҚАРАШАСЫ АРАЛЫҒЫНДА АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨП ЖАНРЛЫ «TALANTTAR ALEMI-2021» БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

Байқау-фестивальде 500-ден аса дарындар өнерлерін ортаға салды. Бұл байқауға алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. «Talant Studio» шығармашылық орталығының бұл шарасы Халықаралық деңгейдегі шара болып табылады. Байқауға Түркия, Ресей, Украина, Әзірбайжан және Грузия елдерінен өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысуда.

Аталмыш байқауға аудан атынан хореография аталымы бойынша қатысқан «Гауһар» тобы қоржынға Гран-при салса, «Нұршашу» тобы екінші дәрежелі лауреат атанды. Сондай-ақ «Үздік ұстаз» аталымында хореограф Ләззат Самбетова марапатталды.

Байқауда Франк Вальдес (Куба), Галина Кирян (Алматы қаласы) сынды өнер майталмандары қазылық етіп, қатысушыларға шеберлік сабақтарын үйретті.

А.ДАРХАН.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰБАНОВТАР ҚОРЫМЫНА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

admin_mugalzhar

МЕРДІГЕР МЕКЕМЕЛЕР АРҚЫЛЫ 473 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс мандатын кімдер иеленгені белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.