«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ләззат БҰЛТАНОВА, 11 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері: КӨПБАЛАЛЫ АНА АТАНУ АРМАНЫМ ЕДІ

— Біз жолдасымыз екеуміз көпбалалы болуды армандайтынбыз. Өзім де, жолдасым да көпбалалы отбасынан шықтық. Әр бала өмірге өз несібесімен келеді дегенге үлкен сеніммен қараймын. Мен үнемі 10 балам болады деп айтатынмын. Алланың өзі аузыма салған болар, бүгінде шүкір, 11 баламбар. Әрбіреуі — бір төбе.
Жолдасым Бақберген маған барлығы жағынан көмектесіп отырады. Мемлекет тарапынан да қажетті көмектердің барлығын алып тұрамыз. Балаларымды барынша мейірімге бөлеп, шаттыққа шомылдырып өсіруді өмірлік басты мақсатым деп білемін. Көзіме көрінген көбелектердің болашағын жарқын ету үшін жолдасым екеуміз барымызды салып еңбек етіп жүрміз. Үйде қарап отыруды жөн көрмей, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Бастау-Бизнес» курсын оқып, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрендім. Мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен қайтырымсыз грант ұтып алып, мал өсіруде қолға алдым. Бүгінгі күніме шүкіршілік етемін. Жас аналарға көпбалалы ана атану үлкен бақыт екенін айтқым келеді.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Тазалық — ортақ талап

admin_mugalzhar

Президент Жолдауын жүзеге асыру: еліміздің өңдеу өнеркәсібі 6,1% өсім көрсетті

admin_mugalzhar

Тоқаев: Ескіліктің шырмауында қалу — надандық пен қараңғылыққа апаратын жол

admin_mugalzhar