«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Ембі қаласының әкімі болып 13 наурыз күні өткен қала тұрғындарының сайлау қорытындысы бойынша Мусағали Райымбек Зейнедуллаұлы сайланды.
Райымбек Зейнедуллаұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын Хромтау қаласында ұстаздық қызметтен бастаған. Әр жылдары Ембі қалалық №7 орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Көтібар негізгі мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Ембі қалалық №4 орта, Құмсай ауылдық орта мектептерінің директоры қызметтерін атқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Ембі қалалық №2 орта мектебінің директоры қызметінде болды.

Ұқсас ақпараттар

Вейп пен электронды темекіге толық тыйым салынуы мүмкін

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ!

admin_mugalzhar

АЩЫСАЙ: АЛДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

admin_mugalzhar