«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

10 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ

Өткен аптада аудан бойынша ауданда COVID-19 инфекциясының 10 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 науқастың клиникалық симптомдары бар, 4 науқастың клиникалық симптомдары жоқ. Қазіргі уақытта үй карантиніне 21 адам алынып, медициналық бақылаудан өткен. Ауруханада жатып, ем қабылдап жатқандар жоқ.

— Ауданда жалпы жыл басынан бері коронавируспен 561 адам ауырды. Ұйымдастырылған ұжымдар арасындағы індет ошақтары анықталмады. Қаңтар айында 442 жағдай анықталса, ақпан айында 52, наурыз айында 4 жағдай тіркелді. Ал сәуір, мамыр, маусым айларында инфекция жұқтырғандар боламады. Бірақ шілде айында инфекция жұқтыру дерегі қайта тіркеліп, COVID-19 инфекциясының 16 жаңа жағдайы анықталды, — деді аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.

Ұқсас ақпараттар

Синоптиктер +10°С-қа дейін күн жылынады деп болжады

admin_mugalzhar

Тұрақты қан донорларына мемлекеттік награда тағайындалды

admin_mugalzhar

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР

admin_mugalzhar