«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Ембі қаласында тұратын жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Қазтай Тыныштықов 98 жасқа толды. Соғыс ардагерін туған күнімен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин құттықтады. Облыс әкімнің құттықтауын аудан әкімі Асқар Шериязданов жеткізді. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовтың да құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жауып, сый-сияпатын көрсетті.
1943 жылы Ленинград қоршауында болып, кейін «Курск иіні» шайқасына қатысып, 1944 жылы 2-ші Украин майданы сапында әскери міндетін өтеп, майданнан снаряд жарқыншағы тиіп, ауыр жараланып оралған ақсақал соғыс жылдарындағы қиын сәттердегі естеліктерімен бөлісіп, кейін бейбітшілік замандағы қуанышты кезеңдерін еске алды және құрмет көрсетіп жатқан облыс басшылығына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады

admin_mugalzhar

Көпбалалы отбасылардың несиесін жабу акциясы қайта өткізіле ме?

admin_mugalzhar

2022 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамал

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.