«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Медицина қызметкерлері күніне орай «Медицина кәсібі — адамгершілік асылы» атты мерекелік кеш өтті. Аудандық аурухананың мәжіліс залында өткен шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудандық аурухана басшысы Сәбит Кеулімжаев және медицина қызметкерлері қатысты.
Аудан басшысы Дархан Жанысханұлының мерекелік құттықтауымен басталған шара әрі қарай медицина саласында еңбек етіп, алдыңғы қатардан табылып жүрген қызметкерлерді марапаттау рәсімімен жалғасты.


ҚР Денсаулық сақтау Министрінің «Құрмет грамотасымен» Алена Лесная, «Ақтөбе облысының дәрігерлері мен провизорларының ассоциациясының «Халық мақтанышы» төс белгісімен Серік Құрантаев пен Дина Сағынова және «Ақтөбе облысының дәрігерлері мен провизорларының ассоциациясының «Мейірімді» төс белгісімен Бағдагүл Нукусова, Гүлнар Орасханова марапатталды.

Сонымен қатар, «Аманат» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұловтың Алғыс хатын Маржангүл Игилманова, Серік Кошенов, Базар Кенжебаева, Мұғалжар ауданы әкімінің Алғыс хатын Мейрамгүл Сүйеумағанбет, Нұрлыгүл Отарова, Гүлшат Оразова, Алмагүл Дарменкулова, Күләш Тлеубаева алды. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустем Исаевтың «Құрмет грамотасымен» Светлана Инисова, Агила Тагжанова, Назгүл Кантуренова, Гүлжан Аекешова, Айгүл Кадралина, ал Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәбит Қамбарұлының Алғыс хатымен Алтынай Упшимбаева, Равшан Кубейсинова, Абилхаир Алманов, Рахат Бисекенов, Жұлдыз Қожахметова марапатталды.
Шараның соңы әсем әуенге жалғасып, мереке иелері көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ұқсас ақпараттар

Samsung представляет Galaxy A52 и A72

admin_mugalzhar

Ақтөбеде кәріздік тазарту қондырғысы құрылысын салу жобасы жүзеге асырылады

admin_mugalzhar

Қазақстанда желтоқсан айында локдаун енгізілуі мүмкін: Министр 3 сценарийді атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.