«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

15 жылдық тарихы бар «Триумф» бишілері Қандыағашта концерт берді

Халықаралық, облыстық байқауларда жүлдегер атанып жүрген қандыағаштық «Триумф» бишілер тобының есептік концерт берді, деп жазады Mugalzhar.kz тілшісі.

Көрермен назарына өнер ұжымының дайындаған түрлі бағыттағы билері ұсынылып, келген қонақтар ерекше сезімге бөленді.

Кіші, орта және үлкен топтар болып өнер көрсететін 30-ға жуық бишілер өзбек, ұйғыр, қазақ, үнді, ұлттық билері мен жастар биін билеп, өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік кеште өнерлі ұжымның бірнеше жыл бұрын бітіріп кеткен түлектері де өнер көрсетті.

Кеш соңында «Триумф» бишілер тобының жетекшісі С. Сейловаға аудандық мәдениет бөлімінің басшысы С. Хамзина ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

КЕН ОРНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар қандай көлік маркаларын жиі сатып алады

admin_mugalzhar

Ата-аналар вакцинадан бас тартуға құқылы — Денсаулық сақтау министрлігі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.