«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2026 жылдан бастап көлік салығында не өзгереді?

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығына қатысты бірқатар өзгерісті түсіндірді.

Ескі көліктерге жеңілдік
Енді жеңіл автокөліктің пайдалану мерзімі:
• 10–20 жыл болса – салық 0,7 коэффициентпен,
• 20 жылдан асса – 0,5 коэффициентпен есептеледі.
2026 жылға есептелген салық 2027 жылы төленеді.

Қымбат қозғалтқыштарға шектеу алынды
Қозғалтқыш көлемі 3000 см³-тен асатын, 2013 жылдың соңынан кейін Қазақстанда өндірілген немесе елге әкелінген жеңіл көліктерге қатысты арнайы салық мөлшерлемелері алынып тасталды.

Фермерлерге жеңілдік
Шаруа және фермер қожалықтары бір пикап көлік үшін көлік салығын төлемейді.

Көлік санаты жаңа тәртіппен анықталады
Пикап, джип, лимузин секілді бөлу жойылып, көліктің санаты тіркеу куәлігіндегі жүргізу санатына (A, B, C, D) қарай белгіленеді.

Есептілік жеңілдейді
Ағымдағы төлемдер алынып тасталды. Енді көлік салығы бойынша жылына бір рет декларация тапсырып, бір рет төлеу жеткілікті.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН АУМАҒЫНДА ЕКІ АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндеттелді

admin_mugalzhar

ҚАЙЫҢДЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar