«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛАДЫ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде және Ащысай ауылдық округінде жоспарланған жұмыстарға тоқталып, ақпарат берді.

Қаракөл ауылынан Ащысайға дейін газ құбырын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайын, қазіргі таңда арнайы сараптамадан өткізілуде. Өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге облыстық, республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін сұраныс жіберіледі.

Ащысай ауылына 60 орындық жаңа мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі күні құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты осы мектептің жобалық-сметалық құжаттарына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі.

Сондай-ақ Ащысай ауылында шілде айында өрт сөндіру бекеті ашылатын болады. Ол жерде жаңадан 7 жұмыс орны (1 өрт сөндіру бекетінің бастығы, 6 өрт сөндіруші) ашылып, арнайы өрт сөндіру техникасын беру қарастырылады. Бұл жаңадан ашылатын 7 жұмыс орнына жергілікті тұрғындардан алынады. Жұмысқа қабылдау жергілікті ауылдық қоғамдық кеңесте қаралып, талқыланады.

Қаракөл- Ащысай жолының ара қашықтығы 30 шақырым. Осы жолдың жөнделуіне екі жобалық-сметалық құжат дайындалды. Біріншісі 0-15 шақырым, екіншісі 15-30 шақырым. Қазіргі таңда жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мердігерді анықтау бойынша конкурс жариялады. Мердігер анықталғаннан кейін аталған жұмыстар жасалынады.

Кездесуден кейін аудан әкімі Асқар Шериязданов, аудан прокуроры Сәнібек Тілеулесов, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Самат Әбдіров ауыл тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелерін көтеріп, жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

«Жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

admin_mugalzhar

Елімізде 19 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

admin_mugalzhar

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ЧИПТЕУ МІНДЕТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.