«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕЙІРІМ ОРНАҒАН ОТБАСЫ

САҒАШИЛІ АУЫЛЫНДА ТҰРАТЫН ЖҮРЕКТЕРІ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ҚОНАРОВТАР ОТБАСЫН БАРША АУЫЛ ҮЛГІТҰТАДЫ. СЕБЕБІ ОЛАР — АТА-АНАСЫНАН АЙЫРЫЛЫП, ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛҒАН ҮШ БАЛАНЫ БАУЫРЫНА БАСЫП, МЕЙІРІМДЕРІНЕ БӨЛЕП, АЯЛЫ АЛАҚАННЫҢ ЫСТЫҚ ЖЫЛУЫН СЫЙЛАП ОТЫР.
Осыдан алты ай бұрын Қонаровтар отбасында қайғылы оқиға орын алды. Көлік апатынан қызы Гүлжанат қайтыс болып, артынан үш бірдей бала жетім қалады. Әкелері бағудан бас тартқан балаларды нағашы ағасы Қуаныш Қонаров қамқорлығына алып, бауырына басты.
— Балаларды біз қамқорлығымызға алмасақ, олар балалар үйіне өтіп кететін еді. Жолдасым Қуаныш қарындасының артында қалған балаларды көзіндей көріп, қамқорлығына алды. Жолдасымның бұл шешімінмендеқолдадым. Бүгіндежетібала тәрбиелеп отырмыз. Өзіміздің 4 баламыз бар, бесіншісін күтіп жүрміз. Бауырыма басқан 3 баламды балаларымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Қазақтың «бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» деген даналығы бекерден бекер айтылмаса керек-ті. Алла көпсінбесін! Бүгінде көпбалалы аналардың қатарындамын. Үш ұл, төрт қыз тәрбиелеп отырмыз. Ендігі мақсатымыз — барлық балаларымызды аман-есен жеткізіп, қолдарына дипломдарын алып беріп, аяқтарына тұрғызу, — деді Айнұр Қонарова. Бүгінде балалардың алды студент, жоғары оқу орындарында оқиды.
Әскерге барып келгендері де бар. Отағасы Қуаныш вахталық әдіспен Атырауда жұмыс жасайды. Ал көпбалалы ана Айнұр ауылдың мал дәрігері қызметін атқарады. Марқұм болған қайын сіңлісінің балаларын бауырына басқан ана бала тәрбиесінде мейірімді тәрбиемен ұштастыра білудің маңыздылығына мән артты.
— Бұл балалар кішкене кезіненменің қолымда, маған жақын болып өсті. Әрқайсысының мінезі әртүрлі, қабілеттері де әрқалай. Маған барлығы да еркеліп, өз ойларын еркінжеткізе алады. Оларға бармейірімімді төгумен қатар, барлық қажеттілігін орындап отыруға барынша тырысамын. Балаларымның тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, бір-бірімен тату, бауырмал болуына бар күш-жігерімді салыпжүрмін. Олар да менің жаныма жалау болып, барлық шаруада көмектерін тигізеді. Бала тәрбиесіне енемнің де үлкен көмегі тиеді, — деді ол. Жетімдерге жан жылуын сыйлаған осындай қамқор жандарды көргенде, риза боласың. Пайғамбарымыз Мұхаммед «жетімнің басынан сипағанға оның қанша тал шашы болса, сонша сауаптан жазылады» деген екен. Бұл ізгілікті сауап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бауырына басқан осы жандарға арналғандай…
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕР АРДАҚТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.