«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ЫЛҒАЛ ЖАБУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мұғалжарлық диқандар ылғал жабу жұмыстарын жүргізуде. Ауданда көктемгі далалық жұмыстар қарқын ала түсті. Мамыр айының екінші, үшінші онкүндігі бұл науқанның нағыз қыза түсетін шағы.

Бүгінгі күнге Ақкемер, Еңбек, Қ.Жұбанов, Ащысай ауылдық округтерінің шаруашылықтары ылғал жабу жұмыстарын жүргізді. Қ.Жұбанов ауылдық округіндегі «Бірлік-Д» ЖШС-і 200 гектар жерге арпа дақылын егу жұмыстарын жүргізуде. Еңбек ауылдық округіндегі «Вайнах» шаруа қожалығы 10 гектар жерге көкөніс, бақша дақылдарын, 20 гектар жерге арпа дақылын екті. Сондай-ақ «Нұргүл» және «Черсон» шаруа қожалықтары жер жыртып, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егу жұмыстарын жүргізеді.

Ақкемер мен Ащысай ауылдық округтерінің шаруашылықтары көктемгі дала жұмыстарына қажетті ауылшарушалығы техникалары дайындап, ылғал жабу жұмыстарына кірісуде.

Жалпы аудан бойынша 1500 гектардан астам жерге ылғал жабылды. Көктемгі далалық жұмыстарды жүргізуге 196 тонна дизель отыны бөлініп, 20 техника жұмылдырылды.

Ұқсас ақпараттар

ПАЛУАНДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar

В ДАР СЕЛЬСКОМУ ДК

admin_mugalzhar

«Ақтөбе» премьер-лигаға қайта оралды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.