«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҚЫЗЫҚТЫ ӨТУДЕ

Сабыржан САКУОВ, 1-сынып оқушысы, Бірлік ауылы:
Мен ауылдың баласы болған соң, демалыс болса, бірден қалаға барып қыдырғым келеді. Кезекті демалыста қалаға, үлкен әкемнің үйіне барып келдім. Үйлері қаланың шетінде орналасқан. Ауласы өте үлкен. Бау-бақша, түрлі жеміс ағаштары да бар. Әрі жемістер де пісіп жатыр екен. Оларды теруге, суаруға көмек көрсеттім. Содан соң бәріміз қала аралап, қыдыруға бардық. Парк аралап, неше түрлі ойын алаңдарына барып ойнадық. «Юрта паркке» де бардым. Ол жерге алғаш баруым еді. Өте әдемі екен. Таза ауада тамақтанып, туыстармен бас қостық. Осылай бірнеше күн қыдырып, кейін ауылыма қайттым.
Ауылда да анама көмек көрсетемін. Әкем жұмысқа кеткен кезде анамның жанынан табыламын. Үйдің үлкені болған соң ұсақ-түйек шаруаларды өз мойныма алдым. Менен кейін інім мен қарындасым бар. Оларды да ойнатып, бағуға көмектесемін. Ауламызда бақша да бар. Оны анама жалғыз қарау қиындау. Сол себепті арам шөптерді жұлып, су құйып, бақша шаруасына араласуды үйрендім. Бұл жолғы демалыс та мен үшін жақсы өтіп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

Құн салығы неге көтеріледі?

admin_mugalzhar

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

admin_mugalzhar

«Фишингтің жаңа толқыны — Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

admin_mugalzhar