«Жас Өрен» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Мұғалжар аудандық ішкі саясаты бөлімі» ММ-нің әлеуметтік тапсырысы негізінде Мұғалжар ауданының жұмыссыз жастары арасында «Идеядан іске» байқауын жүзеге асырады.
Жоба аясында жаңа кәсіпкерлік іс бастаймын деген бастамашыл, жаңашыл жастарға арналған 150 мың теңгеден 13 шағын грантқа байқау жарияланады.
Байқауға қатысуға 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыстырылады.
Байқаудың мақсаты:
Жұмыссыз жастардың қоғамға араласуына жағдай тудыру. Олардың ойларындағы идеяларына start up беріп, кәсіпкерлік саласына келуіне ықпал ету.
Өтініштер 2022 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады. (Өтініш нысаны www.mugalzhar.kz сайтында орналастырылған, сондай-ақ, инстаграм әлеуметтік желісінен mugalzhar_gazeti, mugaljar_aydanynyn_akimdigi парақшаларынан көруге болады)
Байқау ережесі «Мұғалжар» сайтында жарияланған, сілтеме: www.mugalzhar.kz
Сондай-ақ инстаграм әлеуметтік желісінде mugalzhar_gazeti, mugaljar_aydanynyn_akimdigi парақшаларының тақырыбында бекітулі.
Толығырақ ақпаратты 87753410289, 87051328613 байланыс телефондары арқылы алуға болады.