«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛАЯҚТЫҚТЫҚ ФАКТІЛЕРІНІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

Соңғы жылдары ауданымызда алаяқтық қылмыстарының саны артып барады. Бүгінгі таңда кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық.

Күн сайын ғаламтор немесе әлеуметтік желіде алаяқтықтың түрлі жолдары пайда болып, тұрғындарды сан соқтыруда. Сондықтан үнемі алаяқтықтың алдын алу жолдарымен халықты құлақтандырып отыру маңызды.

Осыған орай Мұғалжар ауданы әкімдігі, Мұғалжар аудандық прокуратурасы және Мұғалжар аудандық полиция бөлімі өкілдерімен алаяқтық қылмыстардың алдын алу бойынша халық көп шоғырланған жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Кездесулерде арнайы топ өкілдері тұрғындарға, жеке кәсіпкерлерге алаяқтық қылмыстың алдын алу бойынша жан-жақты мәлімет беріп, толғандырған сауалдарына жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденімен наградтады

admin_mugalzhar

Былтыр Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды

admin_mugalzhar

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

admin_mugalzhar