ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды деп хабарлады turkystan.kz.
Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбе облысы әкімі болуға қала әкімі Асхат Шахаров пен Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың кандидатуралары ұсынылған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтті.