«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘДИ — ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

3-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында бокстан 2010-2011 ж.т.жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Осы чемпионатта Ақтөбе облысының намысын Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Мәди Аманхан қорғады. 46 келі салмақта сынға түскен Мәди ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жеңіспен оралған Мәдиді Қандыағаш теміржол вокзалынан спорт мектебінің директоры Талғат Жуманбетов бастаған ұжым қызметкерлері, ата-анасы, достары спорт мектебінің тәрбиеленушілері сән салтанатымен күтіп алып құрмет көрсетті.

Мәдидің жеңіс тұғырынан көрінуіне жаттықтырушысы Еркебұлан Тұрсынбаев септігін тигізді.

Ұқсас ақпараттар

«Шалқар-Қандыағаш» автожолының 20 шақырымы аяқталды

admin_mugalzhar

ТҰМАУ: ДЕРТ ДЕНДЕГЕНДЕР КӨБЕЙДІ

admin_mugalzhar

МАЛ ЕМДЕУГЕ АРНАЙЫ ОРЫН АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar