«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ

Облыс әкімі Е.Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Бұл бағдарлама туралы аудан әкімінің Мұғалжар ауылында өткен халықпен кездесуінде аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі М.Гатаулина толық ақпарат берді. Атап айтқанда, бағдарламаның бағыттары, қатысу шарттары түсіндірілді. Одан бөлек осы бағдарлама аясында 2,5 % несие алу шарттары кеңінен айтылды.

Мұғалжар ауылында аталмыш бағдарлама аясында 108 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Соның ішінде 103 жоба өсімдік шаруашылығы, 4 жоба мал шаруашылығы және 1 жоба шағын бизнес бойынша. Аталмыш жоба ауылдың 30% қамтитын болады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының әл ауқаты мен тұрмысын жақсарту.

Сонымен қатар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі А.Жиенбай мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламалардың бағыттары туралы және несие мен субсидия алу ретін түсіндіріп өтті. Ал аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Дәрімбетов «Бастау-бизнес» бағдарламасы аясында жаңадан кәсіп ашу мақсатында қайтарымсыз грант алу шарттары мен бизнес жоспар дайындау ретін түсіндірді.

Ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі ауылды газдандыруды жүзеге асыру болатын. Осыған орай биыл Мұғалжар ауылын газдандыру жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда ауылішілік газ жүйесін жүргізу жұмыстары толығымен аяқталды. Ембі-Мұғалжар жеткізуші газ құбырының 40 шақырымның 10 шақырымы қазылып, құбыр жүйелері салынуда. Жоба ауыспалы, келесі жылы толық аяқталады. Бұл туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және автомобильдік жолдар бөлімінің маманы А.Қалимағамбетов мәлімдеді. Келер жылы «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 көше, атап айтсақ, Зауыт, Жастар, Тәуелсіздік, Құлқай әулие, Кеңшілер көшелері жөнделеді деп жоспарланып отыр. Есепті кездесулерде көтерілген тұрғындардың тағы бір өтініштері бойынша алдағы уақытта ауылдағы кіреберіс Зауыт көшесі бойында жаңа мәдениет үйі салынады. Сондай-ақ ауылдың Қазақ ауыл және Тасбұлақ бөліктеріне орталықтандырылған ауыз су тарту үшін жоба жасалады

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.