«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЗДІҢ НҰРҒАНЫМНЫҢ МАРАПАТЫ

Кеше «Мұғалжар» газетінің тілшісі Нұрғаным Кесікқұл Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі болған Аманбай Көздібаев атындағы сыйлыққа ие болды. Марапатты Қазақстан Жазушылар одағы облыстық ұйымының төрағасы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев табыстады.
Он жылға жуық уақыттан бері «Мұғалжарда» еңбек етіп, ауданның тыныс-тіршілігінен ақпараттар, түрлі қоғамдағы мәселелер төңірегінде мақалалар жазып, өзінің қолтаңбасын қалыптастырған әріптесімізді марапатымен құттықтап, қаламына ұшқырлық, жазарына жүйріктік, еңбегіне жеміс тілейміз!

Редакция

Ұқсас ақпараттар

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ШУ: 452 180 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда сүт бір жылда 33% қымбаттады

admin_mugalzhar

МЕКТЕПТЕРДІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУМЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar