«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Месси мыңыншы рет алаңға шығып, тарихи гол соқты

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мыңыншы рет алаңға шығып, әлем чемпионатында өзінің тарихи голын соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол осылайша әлем біріншілігіндегі үздіктерді басып озды.

Месси кәсіби мәнсабында мыңынша рет алаңға шығып, жанкүйерлеріне ерекше көңіл күй сыйлады.

Құрама шабуылшысы испаниялық «Барселона» сапында 778 матч, француздық «ПСЖ» құрамында – 53, Аргентина құрамасында 169 матчқа қатысқан.

Сондай-ақ Аргентина-Австралия кездесуінде ол әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы голды салды. Бүкіл чемпионатта ол тоғыз гол соқса, оның сегізін топтық сатыға тиесілі. Бұл голдың тарихи гол аталуы да содан.

Месси салған голдарының саны бойынша аңызға айналған отандасы Диего Марадона мен басты бәсекелесі – португалиялық Криштиану Роналдуды басып озды.

Лионель Месси 1/8 финалда тартысты ойын көрсетіп, шеберлігімен көзге түскені үшін «Үздік ойыншы» атағын иеленді.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНА КҮНІ -АУЫЛДА

admin_mugalzhar

АСТАНАЛАР: КЕШЕ және БҮГІН

admin_mugalzhar

ЖАС БОКСШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КИІМДЕР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.