«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒА АУЫЛЫНДА КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Аудан әкімі Саға ауылының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар тарапынан ауылдағы адам жүретін көпірдің қалпына келтіру бойынша өтініштерін айтқан болатын. Көктем уақытында су шайып кеткен көпір мектеп оқушылары мен тұрғындардың көктем мезгілінде қатынасына қиындық келтірді.

Тұрғындардың өтініштерін орындау мақсатында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Батпақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на қарасты «Октябрьмұнай» мұнай-газ өңдеу басқармасы мекемесінің қолдауымен арнайы техникалары және жұмысшылары жұмылдырылып, көктем уақытында су шайып кеткен көпірді қалпына келтірді. Осы іске қол ұшын созған мекемеге ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жыл қорытындысы: Ақтөбеде 2025 жылда 25 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

admin_mugalzhar

Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.