«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталды! 18 желтоқсанда Аргентина мен Франция құрамасы финалда ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есепті Аргентина құрамасы бірінші таймның 23-минутында ашты. Голды Лионель Месси соқты. Франция қақпасына екінші голды 36-минутта Анхель ди Мария салды.

Екінші таймдағы алғашқы голды Франция құрамасының шабуылдаушысы Клиан Мбаппе салды. Осылайша, ол 80-минутта өз командасына алғашқы голды сыйлады. Мбаппе бір минуттан соң, 81-минутта екінші гол салып, Аргентинамен есепті теңестірді: 2:2.

Экстра-таймда Лионель Месси (108) мен Килиан Мбаппе (118) есепті 3:3-ке жеткізді. Матчтың тағдыры пенальти арқылы шешілді, Аргентина командасы пенальтиде 4-2 есебімен алға шықты.

Осылайша, Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті! Бұл ел мундиаль тарихында үш рет (1978 және 1986 жылдары) чемпион болып отыр.

Франция құрамасы әлем чемпионатының күміс, ал Хорватия командасы қола жүлдегері атанды.

Ұқсас ақпараттар

ТӘУЕЛСІЗДІК және АУДАН

admin_mugalzhar

Облыста 2025 жылға дейін 60 миллион орман көшеті егіледі

admin_mugalzhar

БАҚША БАПТАП, БЕРЕКЕ ТАПҚАН КӘСІПКЕР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.