«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалімдердің айлығы тағы 25%-ға өсті

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні «Педагог мәртебесі туралы» заңның оң әсерін көріп отырмыз. 2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға, 2023 жылғы қаңтарда тағы 25%-ға өсті, — деді министр.

Яғни сөзінше, мұғалімдердің жалақысы 2 есеге өсті.

Сондай-ақ еңбекақыны саралап арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Ол әдіскерлерге, мектепке дейінгі, мектеп, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне біліктілік деңгейі үшін, сондай-ақ тәлімгерлік, магистр дәрежесі және т.б. үшін қосымша ақы төленеді.

Мұғалімдердің 63%-ы, дәлірек айтқанда, 216 989-ы аттестация қорытындысы бойынша қосымша ақы алады.

Бұған дейін де мұғалімдердің жалақысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өскенін хабарлаған болатынбыз.

Ұқсас ақпараттар

САҒА АУЫЛЫНДА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті

admin_mugalzhar