«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл 600 мыңға жуық қызметкердің жалақысы 20%-ға өседі

2023 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.

Ұқсас ақпараттар

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды

admin_mugalzhar

Дәрігерлер 5 жастағы баланың бүйрегінен шаш түйрегіш алып шыққан

admin_mugalzhar

ДЕПУТАТТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

admin_mugalzhar