«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданында тұрғындармен кездесті

Мұғалжар ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындармен кездесті.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, сіздермен кездесу жаңа форматта өтуде. Өткен жыл еліміз үшін де, өңіріміз үшін де маңызды жыл болды. Үлкен өзгерістерге жол ашқан ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр», – деді кездесуді ашқан Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі аудан тұрғындарын Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағыты, өңір халқын толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.

«Облыс тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселе – жолдардың жай-күйі. Биыл өңірде Үкіметтің қолдауының арқасында жол желісін дамыту бойынша үлкен жұмыстар жасалады. Оның ішінде «Ақтөбе-Ұлғайсын» автожолын жөндеу бойынша маңызды жоба басталады, «Қандыағаш-Шалқар» трассасы да жөнделеді. Бұл – Мұғалжар ауданына және оның дамуына тікелей қатысы бар жолдар. Барлық мәселелер біртіндеп шешіледі», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Жұмыстардың үлкен көлемі аудандық маңызы бар жолдарда да орындалады. 2023 жылы «Қандыағаш-Жарық», «Жұрын-Қаракөл», «Сағашилі-Талдысай» және «Ақкемер-Көктөбе-Көтібар» ауыларалық жолдары, Елек ауылына кіреберіс жолы жөнделеді. Сондай-ақ, қалаішілік және кентішілік жолдарды жөндеу жоспарлануда.

Бірінші кезектегі міндеттердің бірі – халықты жұмыспен қамту. Кездесуге тұрақты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайта отырып, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының әлеуетті қатысушылары қатысты. Облыс басшысы жобаның міндеттерін түсіндіріп, ауыл тұрғындарын еш күмәнсіз «Ауыл аманатына» белсенді қатысуға шақырды.

«Өз ісін бастау, өзіңді және отбасыңды лайықты табыспен қамтамасыз ететін мүмкіндіктері бар, қолайлы жағдайлар жасалған мұндай бағдарлама жоқ. Ең бастысы, бұл жоба біздің ауылдарға қосымша тыныс береді, халықтың үдере көшуін тоқтатады және әрбір ауланы табыс көзімен қамтамасыз ете отырып, ауылды өркендетеді», – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округінде жобаның тиімділігінің арқасында жұмыссыздық толығымен жойылады.

Ауылды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

Биыл Мұғалжар және Жарық ауылдарын газдандыруды аяқтау жоспарлануда. 2025 жылға дейін газ құбырлары Жаңатұрмыс және Жаркемер, Қожасай, Сабындыкөл, Ащысай, Бұлақты, Құмсай, Ақсу, Көктөбе және Көтібар елдімекендеріне тартылады. Осылайша аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету 98,6%-ға жетеді.

Құмсай және Жарық ауылдарында биыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталады, тағы үш ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады.

Бұлақты ауылында медициналық қызметтерді халыққа қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында биыл медициналық пункт салынады, ал аудандық ауруханада жоғары технологиялық ангиография бөлімшесі ашылады.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда онлайн несие беру тәртібі күшейтілді

admin_mugalzhar

Н.БОЛАТБАЕВ: ОБЪЕКТИВНО РАССМОТРИМ ТАРИФЫ НА 2021-2025 ГОДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.