«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨЗГЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БІЗДЕ ЕМДЕЛЕ АЛАДЫ

Облыс аумағындағы өзге ауданда көрсетілмейтін медициналық қызмет түрлері Мұғалжар аудандық ауруханасында көрсетіледі. Мұғалжар аудандық ауруханасына мұғалжарлықтармен қатар өзге ауданның тұрғындары да кеңес алып, емделу үшін жүгіне алады. Ол үшін дәрігердің жолдамасы болса жеткілікті.

 Аудандық аурухана бас дәрі-герінің орынбасары Айбек Сүгіров өткен жылы өзге ауруханаларда тіркеуде тұрған 375 адамның  Мұғалжар аудандық ауруханасындағы компьютерлік томографиядан жолдама арқылы тексеруден өткенін жеткізді.

Олар Темір және Ембі аудандық ауруханасының, «Шапағат» жекеменшік ауруханасының науқастары екен.

Темір ауданының Әсем есімді тұрғыны сол жақ бүйрегі ауырып, Темір аудандық ауруханасының жолдамасымен Мұғалжар аудандық ауруханасына келіп, компютерлік томографиялық  тексеруден өтіп, толыққанды қаралғанын айтты.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру жылдан жылға артқанын айтқан Айбек Сүгіров аудандық аурухана заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылып жатқанын да жеткізді.

— Мұғалжар аудандық ауруханасындағы ультра дыбыстық зерттеу және компьютерлік томография  аппараттарына түсу дә-рігерлердің жолдамасы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қа-тар, жоспарлы медициналық кө-мек көрсету, диагностикалық процедуралардан, скринингтерден, оңалтудан өту, ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда тұрғындардың сақтандыру мәртебесінің болмауы қиындық туғызады. Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек алуы шектелген, — деді Айбек Сүгіров.

Оның айтуынша, биылғы жылдың  ақпан айынан бастап сақтандырылған азаматтардың саны Мұғалжар ауданы бойынша 87%-ды құраған. МӘМС-ке сақтандыру жарнасы облыс орталығының тұрғындары үшін 3 450 теңге болса, басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 1 725 теңге болады.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін сүйіншіледі

admin_mugalzhar

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылады

admin_mugalzhar

МУЗЕЙДЕ ӨТКЕН БІРЛІК КҮНІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.