«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ГҮЛНҰРҒА «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» СЫЙЛАДЫ

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай аудандық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері «Umit syila» қайырымдылық жобасы аясында қандыағаштық көпбалалы ана Гүлнұр Әлниязоваға қуаныш сыйлады.

Қиын өмірлік жағдайларға тап болған әйелдерді қолдауға және ынталандыруға бағытталған бұл жобаның алғашқы кейіпкері Гүлнұр Әлниязова — 7 балаға өмір сыйлаған алтын құрсақты ана. Ол бүгінде кәсіп бастау үшін «Бизнес бастау» жобасына қатысып, мемлекеттік грант алу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына құжаттарын тапсыруда. Аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Хамзина ауданның нәзік жанды кәсіпкерлері Гүлнұрдың образын өзгерту үшін екі күн бойы барын салғандарын айтты.

Бүгінде аудандық іскер әйелдер қауымдастығының құрамында 20-ға жуық кәсіпкерлер бар. Олар барынша қауымдастықтың жұмысын жандандырып, жүйелі жұмыс жүргізуде. Бірінші күні кейіпкерімізге қауымдастық мүшесі Әлия Умарова массаж жасап берді. Сондай-ақ бет күтімі, маникюр секілді өзге де сәндік қызметтер жасалды. Ал екінші күні бетін әрлеп, әдемі шаш үлгісін жасап, сәнді киім кигізетін болады. Нәтижесін қазір көретін боламыз, — деді ол.

Гүлнұр Әлниязовамен жасалған сәндік жұмыстардың нәтижесін көру үшін қауымдастық мүшелері кітапхананың Coworking залында бас қосып, сәнді образға енген Гүлнұрды гүл шоқтарымен қарсы алды. Оған сәттілік тілеп, алдағы уақытта барлық жағынан көмектесуге дайын екендерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен бірге олар кәсіп жасау жолында кезіккен қиындықтарын айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, қолдау көрсетті. Өзінің бүгінгі стиліне, сән үлгісіне риза болған Гүлнұр Әлниязова қауымдастық мүшелеріне алғысын жаудырды. Шара барысында «Зерде» оқу орталығының басшысы Ляззат Алмашева жоба қатысушысының мектеп жасындағы екі баласына қосымша сабақтарға тегін қатысу сертификатын табыстады. Сондай-ақ fitness_by_aigerim фитнес клубының жетекшісі Айгерім Сатанова бір айға тегін йогаға қатысу үшін тегін жолдама ұсынды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА ГЕМОДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Байқау! Байқау! Байқау!

admin_mugalzhar

Эммануиль Макрон Францияда өткен президент сайлауында жеңіске жетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.