«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ

Қандыағаш станциясы желілік полиция бөлімі аудан орталығындағы №3 және №4 мектептердің оқушылары мен аудандық мансап орталығының қызметкерлеріне “Ашық есік” күнін жариялап, тәртіп сақшыларының бір күндік өмірімен таныстырып, шағын экскурсия жүргізді.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары мен жұмысқа кіруге ниетті азаматтарға полиция қызметкерлері жедел тергеу тобы, криминалист, кезекші бөлім, әкімшілік полиция қызметкерлерінің бір күндік жұмыс барысын көрсетіп, қылмыс ашу барысында қолданатын бұйымдары мен жұмыс жасап отыратын кабинеттеріне дейін таныстырды. Шарада полиция қызметкерлері өз бастарынан өткен қызықты оқиғаларын баяндап берді. Ал қатысушылар полиция өмірі туралы сұрақтарын қоя отырып,бірнешеуі осы сала бойынша оқуға түсуге, жұмысқа орналасуға ниет білдірді.

Ұқсас ақпараттар

РӨЛІ ОҢ ЖАҚТА ОРНАЛАСҚАН КӨЛІКТЕР ЕНДІ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРМАЙДЫ

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЕРТӨЛЕСІ ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

«Өрмекші адам» дауыс берді

admin_mugalzhar