«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ә. Смайылов: Өңірлер Ақтөбе облысының «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асырудағы тәжірибесін зерделеу керек

Премьер-министр Әлихан Смайылов ел өңірлері Ақтөбе облысының «Ауыл аманаты» жобасын, атап айтқанда, аталған облыста ғана енгізілген тауарлық несиелеу тәжірибесін зерделеу керектігін айтты.

Тапсырма ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы барысында берілді.

💬 «Кәсіпкерлер жеке отбасылық шаруашылықтарға мал түріндегі пайызсыз тауарлық несие береді, олар малды күтіп-баптап ұстайды. Ал малдың төлдері шаруашылық пен қарыз беруші арасында бөлінеді. Бұл екі жаққа да тиімді. Бюджеттен бірде-бір теңге пайдаланылмайды. Бұл – халықтың табысын арттыру, жұмыспен қамтудың қосымша жақсы құралы. Әкімдерден, әріптестерден Ақтөбе облысының осы бағыттағы тәжірибесін зерделеуді сұраймын», – деді Премьер-Министр.

Ақтөбе облысы тәжірибесінің ауқымын кеңейту мақсатында Әлихан Смайылов Жобалық кеңсе құруды тапсырды.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов бүгінгі таңда ірі шаруа қожалықтарының қолдауымен тауарлық несиелеу аясында 329 отбасыға 4 575 бас мал берілгенін мәлімдеді.

Жеңілдетілген қаржылық несиелеу де үлкен сұранысқа ие. Облыс тұрғындары барлығы 6,5 млрд теңге сомасына «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1486 жобаны қаржыландыруға өтінім берді. Қазірдің өзінде 1371 жоба мақұлданды, оның 793-і жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге іске асырылды. Нәтижесінде 1 122 жаңа жұмыс орны құрылды, 100 мыңнан астам құс сатып алынып, 48 жылыжай салынды, 146 га картоп және басқа да көкөністер егілді, ауылда 309 жаңа шағын бизнес нысаны ашылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында халықтың ауылдық жерлерден кетуі мәселесін шешу үшін «бірыңғай қолдау шаралар пакеті» қабылданды. Ол 67 ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, «БІЛІМ ALL» бірегей өңірлік жобасы аясында ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру деңгейіндегі айырмашылықты теңестіруді, «Фельдшер сөмкесі» медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жобаны, сондай-ақ «Абаттандырылған ауыл» жобасын іске асыруды қамтиды, оның шеңберінде ауылдарда демеушілік қаражат есебінен 120 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылуда.

Бұдан өзге, ауылдарда қауіпсіз ортаны қалыптастыру және қылмысты жою мақсатында «Қауіпсіз ауыл» жобасы әзірленді. Бүгінде өңірде алкоголь тұтынбайтын 11 ауыл және соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс жасалмаған 10 ауыл бар.

Ералы Тоғжанов өңірдегі ауылдық аумақтарды дамыту жұмыстары белсенді түрде жалғасатынына сенім білдірді.

⚡️Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

А.МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

admin_mugalzhar

Күзде иммунитетті қалай нығайтамыз?

admin_mugalzhar

Алматы облысы екіге бөлінеді — Қапшағайдың аты өзгертіліп, облыс орталығына айналады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.