«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Шалқар-Қандыағаш» автожолының 20 шақырымы аяқталды

Шалқар ауданына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ АФ басшысы Айбол Данагұлдың республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автомобиль жолында атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады. 

1960-1970 жылдары пайдалануға берілген және ешқашан жөнделмеген жолдың бүгінде 259-249 және 249-239 шақырымында орташа жөндеу аяқталды.
«АссанаДорСтрой» ЖШС салған жолдың қалыңдығы – 28 см. Қиыршық тас қоспасы мен цементтен 100% жаңа материал қосылып, ресайклинг әдісімен негіздеме салу және асфальт жабынының екі қабаты төселген.

Келер жылы тағы 75 шақырым автожолға орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Ол Қотыртас ауылына дейін болмақ.

Облыс әкімі маңызы бар жобаны тоқтатпай, жалғастыру керектігін, сапасына мән беру қажеттігін алға тартты.

💬 «2024 жылы жолды Мұғалжар ауданынан бастау туралы халық тарапынан ұсыныс бар. Өйткені, Қандыағаш-Жұрын жолына шағым көп. Шалқар мен Ырғыз арасындағы жолды да жөндеу керек», – деп облыс әкімі жол құрылысына қатысты жоспарларымен бөлісті.

Өңір басшысы жаңа жолмен жүріп өтті. Сондай-ақ, ол биыл салынған Қауылжыр, Мөңке би ауылдарының кіреберіс жолдарын қарап, осы 2 елдімекенде бой көтеріп жатқан ауыл клубының құрылысын бағамдады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ 1 МАМЫРДА АЯҚТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ЗІЛТЕМІРШІ ГҮЛІМНІҢ ЖЕҢІСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.